26 сәуірде Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапханасы

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Библиотеки в формировании регионального брендинга» аймақаралық практикалық онлайн-семинарына қатысты. Мақсаты: кітапханалар желісінде жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, жаңадан пайда болған ақпараттық әдістерді қолдануға, кітапхана жүйесімен байланыс, серіктестік қарым-қатынас орнатуға, сапалы білім, таза ақпарат көздерін бере алатын көптеген кітапханалармен тәжірибе алмасуға бағытталған. Семинарда кітапханалардың аумақтың тартымды имиджін құруға қатысу мәселелері, өңірлік брендингті құруда кітапханалардың жаңа және дәстүрлі нысандары мен жұмыс әдістері қарастырылды. Библиограф Л. В. Саленко семинарда «Кітапханалық өлкетану: жаңа үрдістер мен дәстүрлі құндылықтар» атты презентациясында Степногорск ОКЖ кітапханаларының өлкетану жұмысының тәжірибесін ұсынды. Семинарда кітапханалар тәжірибелерімен бөлісіп бағдарлама қызықты да маңызды өтті.

«Библиотеки в формировании регионального брендинга»

Пікір үстеу