Барлығы сіздің құқыктарыңыз және міндеттеріңіз туралы / навигациялық сабақ

Заводской кентінің кітапханасында «Барлығы сіздің құқыктарыңыз және міндеттеріңіз туралы» атты навигациялық сабақ өткізілді. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің негізгі белгілері туралы білімдерін дамыту, «сыбайлас жемқорлық», «пара» ұғымдарын бекіту мақсатында кітапханшы мәлімет айтты.

Жер-Ана біздің орталық үйіміз / экологиялық ойын

Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде Дүниежүзілік Жер күніне орай «Жер-Ана біздің орталық үйіміз» атты экологиялық ойын өткізілді. Іс-шараға 1 мектептің 9 сынып оқушылары шақырылды. Жер планетасы, экологиялық мәселелер туралы ақпарат пен бейне презентация ұсынылды. Балалар ойынға белсенді қатысты.

Жемқорлық – ғасыр дерті / талқылау сағат

Орталық қалалық кітапхана «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты талқылау сағаты өтті, жастарды әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында. Шараға №4 «Болашақ» мектебінің оқушылары қатысып, адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету, сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұматтар берілді.