Кітапхананың библиографиялық қызметі: жұмыстың дәстүрлі тәсілдері мен жаңа форматтары / әдістемелік сағат

Степногорск қ. «ОКЖ» КММ кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Кітапхананың библиографиялық қызметі: жұмыстың дәстүрлі тәсілдері мен жаңа форматтары», «Библиограф жұмысы және шығармашылық шешімі», «Библиографиялық сипаттама: ГОСТ талаптары», «Библиографиялық өнімді жасау әдістемесі» атты әдістемелік сағат және «PowerPoint негіздері» атты тренингін өткізді.

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік міндет / құқықтық сағат

#парасатжолы#адалдықалаңы Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік міндет» атты құқықтық сағаты өтті. Шараға Степногорск жоғарғы колледжінің 1 курс студенттері қатысып, сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат алды. «Көркем әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық» атты тақырыпты сөре ұйымдастырылды, қатысушылар іс-шара барысында сөзжұмбақты қызығушылық танытты.

Көркем сөздің зергері / библио-кафе

Орталық қалалық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Көркем сөздің зергері» атты библио-кафе өтті. Іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы №2 мектептің 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белгілі жазушы