Орталық қалалық кітапханада «Жазушы күні» айдарында ұйымдастырылған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби кешке №5 КМЛ 9 сынып оқушылары, Қ. Сәтпаев атындағы №9 ОМ 9 сынып оқушылары қатысты. Кеш қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР – ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылдық мерейтойына арналды. Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен әдебиетіне арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Дәуірдің дара тұлғасы» әдеби кеш

Пікір үстеу