Кітапхана жұмысында озық іс-тәжірибені пайдалану, түйінді мәселелерді зерттеп зерделеу, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, ұйымдастырушылық, кітапханшылық қасиеттерді талап ету мақсатында Кітапханаларды дамыту бөлімі Оқу! Үйрену! Қолдану! Таң қалдыру! атты әдістемелік сағатты жүйе кітапханашыларымен өткізді. Кітапханадағы әдістемелік жұмыс кітапхана ісін жаңғыртуға, жаңалықтарды игеруге, кітапханашылардың біліктілігін арттыруға бағытталды. КДБ меңгерушісі А.С. Каиркенова 9 айлық есебінің қорытындысын, жылдық есептер мен жоспарларды жазу туралы айтып берді. Әдіскер А.К. Бакибаева кәсіби журналдарға шолу жасап, әріптестерінің назарын бұқаралық іс-шаралардың инновациялық түрлеріне аударды. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек. Кітапханашылар заман талабына сай біліммен қаруланған болуы қажет екенің айтты.

Әдістемелік сағат

Пікір үстеу