Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 20 қазан күні 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесіне орай Қазмедиа орталығында «Руханият шырақшысы» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты — қоғамдағы кітапханашы мамандығының беделін арттыру,
Мерекелік жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстанның әр өңірінен келген кітапханашылар, Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, кітапханашы мамандары, облыстық кітапханалар мен Степногорск қаласының «ОКЖ» КММ басшысы Б.Е Айтпаева., әдіскер А.К. Бакибаева қатысты.
Іс-шара аясында әр өңір кітапханаларының озық жобалары таныстырылып, кітапхана тарихына арналған көрме қойылды.
Онда кітапхана ісін жетілдірудің барлық бағыттары бойынша түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы сала бойынша қандай мәселенің де оңтайлы шешілуіне, кітапхана ісінің жандануына қолдау білдіретінін жеткізді.

«Руханият шырақшысы» мерекелік шара

Пікір үстеу