Зағиптар қоғамымен «Ғажайыптар алаңы»

Орталық қалалық кітапхана «Жаңа – 2023 жыл» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ғажайыптар алаңы = Поле чудес» ойынын жалғастырады. Ойын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жан жылуы» жобасы аясында «Қазақ Зағиптар Қоғамы» ҚБ тұрақты оқырмандарымен жүргізілді.

Ойын қатысушылары «Ғажайыптар алаңы» бағдарламасына белсене қатысып, жоғары білімдерін, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Көрермендер Ж. С. Теміртасова, В. Н. Янцен, Л. В Романюк орындауындағы өлеңдер мен әндерді үлкен ынтамен тыңдады. Кеубасова К. А., М. А. Рванцованың «Ғажайыптар алаңы» бағдарламасының мұражайына арнаған алғашқы шығармашылық жұмыстарын тамашалады.Орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі «ҚЗҚ» ҚБ ұйымына қатысушыларына және бағдарлама демеушілеріне шын жүректен алғысын білдіреді.

Зағиптар қоғамымен «Ғажайыптар алаңы»

Пікір үстеу