Кітапханадағы «Ғажайыптар өрісі».

Степногорск қаласының орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Жаңа жыл-2023 жыл» қарсаныңда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жан жылуы» жобасы аясында, еңбектің жаңа бағытын, достықты, өзара түсіністікті нығайтуға, интеллектуалдық дамуына және рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін «Ғажайыптар өрісі= Поле чудес» телеойынына әлеуметтік мәдени-демалыс ұйымдастырды. Жобаның ашылуында Степногорск қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары А.С.Мұхамедғалиева және Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б.Е.Айтпаева құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Алғашқы ойынға «Ерлік» ҚБ мүшелері қатысты, ойын өте қызықты және мерекелік жағдайда өтті.Қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Ойынға демеушілік көрсеткен қаламыздың жеке кәсіпкерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Кітапханадағы «Ғажайыптар өрісі».

Пікір үстеу