Құрметті кітап сүйер қауым! Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Сіздерді жаңа әдебиеттермен танысуға, кітап оқуға шақырады!

Ұзақбай Құлымбетов – қазақ билігінің ақсақалы

Бұл жинақ төрт бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімінде  қайраткердің қоғамдық-саяси  қызметіне  қатысты ғылыми зерттеулер ұсынылған. Екінші бөлімі  ертеректе жарық көрген естеліктер мен мақалаларды қамтыса, үшінші  бөлім тікелей ұрпағының естелік-хиқаяттарынан тұрады.  Төртінші  бөлімде  белгілі тұлғаның  қоғамдық-саяси қызметін айғақтайтын құжаттар мен хаттар топтастырылған.

Тілешов Ербол.  Алаш туы астында…

Кітапқа енген Алаш қозғалысы туралы ғылыми мақалаларда қозғалыстың қайраткерлері, басталуы, барысы, оның аясандағы оқиғалар жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалған. Жинақтың ең негізгі бөлігі – қозғалысқа қатысушылар тізімі. Әр тұлғаның  қозғалысқа қатысы нақты тарихи  деректермен  дәйектелген. Ол ғылыми тұрғыдан негізделген бұл саладағы алғашқы тізім.

Сейіл Айгүл. Ой-керуен 

Бұл кітабына әр жылдарына жазып, «Егемен Қазақстан»,  «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Жас Алаш» сынды мерзімді басылм  беттерінде түгелдей жарияланған, танымдық мәні терең, оқушысына ой салатын  дүниелері енді.

Қайыркен Т.З. Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы

Бұл еңбегінде   Су Бэйхайдың қазақ тарихы туралы жаңаршыл ойларын құптай отырып, оның кейбір  тарихнамалық көзқарастарын  терістейді. Қытай ғалымының еңбегінде қазақ тарихының хронологиялық және географиялық шеңбері кеңейтіліп, мазмұны байытылған.

Жаңа кітап. Желтоқсан 2022

Пікір үстеу