Тәуелсіздік тұғырым

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Орталық қалалық кітапханада Тәуелсіздік күніне ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік тұғырым» атты әдеби – тарихи кеш өтті. Шараға №5 КМЛ 9 «Б» сынып оқушыларымен, тарих пәнінің мұғалімі – Нұржан Алдонғарұлы қатысты. Кітапханашы Тәуелсіздік тарихы туралы көркем әдебиеттерге шолу жасады. Халық басынан кешкен деректі оқиғалар, оларға қатысқан тарихи тұлғалар туралы мәліметтер тарихпен бірге әдебиет бетінде де көп сақталған.

Тәуелсіздік тұғырым

Пікір үстеу