Әбілқайыр, Қанат. Жылан кегі : хикаяттар мен новеллалар / Қ. Әбілқайыр. – Алматы : BAI BOL, QAZAQ, 2022. – 361, [1] б. – (Жаңа қазақ әдебиеті) .

Орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі кітап қорына жаңадан түскен кітаптармен таныстырады.

Бұл кітапқа жазушы Қанат Әбілқайырдың соңғы жылдары жазған хикаятары мен новеллалары топтастырылып отыр. Қаламгер шығармаларында халықтың басынан өткен, қазір өтіп жатқан оқиғаларды өзек ете отырып, бүгінгі қазақ қоғамындағы түрлі мінездерді, ұлттың психологиясын, тарихи жадын, мистикалық танымын, әлеуеттік ахуалын жаңаша форма, жаңаша ойлау дәстүрімен шебер суреттейді.

*******

Көкейдегі көп сұрақ молданың санасына масадай ызыңдап тұра береді. Сәлден соң ол ызың жыланның ысылына айналады. Сосын жатып алып жылан тілінде баяғы өлеңін тағы да жырлай жөнеледі:

«Аяғы жоқ, тілі жоқ,

Тілінде заһар уы жоқ,

Жауына тұяқ серперлік

Қауқары жоқ, дымы жоқ,

Жылан жұрты, кешіргін!..».

Жылан болып ирелеңдеп, төсегінде қиналып жатқан молданы баласы құшақтай алады. «Әке, әке, саған не болды?» – дейді шошынып….

?Әрқарай сіздерге қызық болса, кітапханаға келіп оқуға болады.

Келіңіздер, оқыңыздар!

Жаңа кітап. 2022

Пікір үстеу