Зиманов, Салық. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың қоғамдық құрылысы және Бөкей хандығы: 1т. / С. Зиманов. – Алматы : Қазақ кітабы, 2022. – 476, [3] б.

Салық Зимановтың бұл монографиясы орыс тілінде 1958 жылы жарық көріп, 2009 жылы қайта басылған болатын. Ғұлама ғалымның өшпес мұрасы мемлекеттік тілде тұңғыш рет жарияланып отыр.

 Бейсенбиева, Күләш. Өмір – өзен, уақыт – керуен / К. Бейсенбиева. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2022. – 463 б.: фотосурет.

Бұл кітапта ширек ғасырға жуык Қазақстан баспасөзінде өнімді еңбек еткен журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күләш Бейсенбиеваның кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге болар өмір өткелдері, тәрбие тақырыбына жазылған еңбектері қамтылған.

Молтобарова, Күмісбала Ищанкызы. Мәдениеттану  / К. И. Молтобарова. – Алматы : Алматы-Болашақ, 2022. – 478, [1] б.

Бұл еңбекте ғылыми және оқу пәні ретіндегі мәдениеттанудың мазмұнын құратын әлемдік және ұлттық мәдени үрдістердің заңдылықтары, адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен құбылыстары, негізгі мәдениет институттары және олардың арақатынасы, әлемдік және отандық ұлы ғұламалардың мәдениеттанушылық ойлары қарастырылған.

Жақанов, Илья. Аққу әні / И. Жақанов. – Нұр-Сұлтан : Күлтегін, 2022. – 334, [1] б.

Бұл басылымға Илья Жақановтың Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілердің орындаған қазақ әндері, олардың шығу тарихы, орындалу ерекшеліктері жайында тың материалдармен қамтылған зерттеу еңбектері еніп отыр.

Жаңа кітап – 2022. Қараша.

Пікір үстеу