Қазақ – ата тек, арабтар шежіре – бұтақ, тармақ деп атайтын бұл ұғым халықтың шығу тегін, ұрпақтың таралуын баяндайтын рухани жүйе.
ТЕГІН БІЛГЕН ҰРПАҚ ЖАҢЫЛМАЙДЫ.
Бұл күні ел-жұрттың жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ. Үлкендер жас ұрпаққа бата беріп, елдің, өлкенің тарихын, ерлігін баяндайды. Жеті ата қазақ халқының дәстүрлі салт санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік, тәрбие тәлімі өте зор.
Наурыз мерекесі қарсаныңда орталық қалалық кітапхана «Шежіре күні» атаулы күнге арналған «Жеті ұрпақтың құндылығы» атты фольклорлық мереке өткізді. Мерекелік кешке кітапхананың тұрақты оқырманы Исаев Қайролла Ахметұлы және «Сырласу» клубының әжелері, қала студенттері, Бөгенбай батыр атындағы колледж оқушылары қатысты. Қайролла Ахметұлы өзінің «Қанжығалы – Қожым шежіресі» атты шығармасымен Қожым батырдың ұрпақтарының шежіресі жайында жазылған кітабымен толық таныстырып өтті. Ата тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, өзінің жеті аттасының тарихын айтып, шежіресін таратты. Мереке соңында қонақтар арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты.

«Жеті ұрпақтың құндылығы» фольклорлық мереке
Tagged on:

Пікір үстеу