14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман – есен шыққанына қуанып, бір – бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе – реніш ұмытылып, кешіріледі. Жаңа жыл және Күн — Түн теңесетін күні. Көрісу мейрамы жыл бойы жалғасын табатын мереке. Көрісуде ауылда болмай, ауылға енді келген адамды көрген кезде, амандық-саулықтан кейін «Бір жасыңмен!» деп қол алысуымыз керек. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде орталық қалалық кітапханасы да қарап қалмады. «Көрісу мейрамы, амал мерекесі» атты этнографиялық кеш өткізілді. Бұл мерекелік кешке «Сырласу» клубының ақ жаулықты аналары мен қала студенттері қатысты. Кеш барысында ақ жаулықты әжелереміздің салтымызға қатысты дәстүрі мен ырымдарын көрсетіп, ән мен шашу шашылып, көріністер көрсетілді. Осынау қызықты мерекеде амал күні Наурыздың жұмсақ ақшақары жауса, ежелгі жұртымыз «Жаңа жылда жақсылық көп болады» деген үміттеміз.
Иә, үмітіміз азаймасын!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын баршаңызға ағайын!

«Көрісу мейрамы, амал мерекесі» этнографиялық кеш
Tagged on:     

Пікір үстеу