Наурыз мерекесіне орай 20 наурыз – «Зияткерлік күні» Степногорск қалалық үлгілі балалар кітапханасы «Шуақты мереке – Наурыз» атты іс-шара өткізді. Шараға «Әжелер мен немерелер» және № 2 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Балаларға жалпы мереке жайлы, наурыз мейрамы туралы, қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары жөнінде мағұлымат берілді. Әжелеріміз шашу шашып, атамыз бата беріп, наурыз көженің дайындалуы туралы қызықты әңгіме өрбітті. Балалар Наурыз туралы өлеңдер оқып, ән салып, ұлттық ойын «Арқан тартыс», асық ату ойынына белсенді қатысты. Балалар мен қонақтар мереке дастарқанынан дәм татып, көтерінкі көңілкүймен тарқасты.

«Шуақты мереке – Наурыз»
Tagged on:     

Пікір үстеу