Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімінде “Туған тілім – бұлақты үміті” атты танымдық ойын өткізілді. Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата – баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу. Іс-шараға тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттеріне Халықаралық ана тілі күніне арналған презентация ұсынылды. Балалар ойынға белсенді қатысты және «Тіл – ұлттың асыл қазынасы» тақырыптық сөреде әдебиеттерге шолу жасалды.

Туған тілім – бұлақты үміті / танымдық ойын

Пікір үстеу