Бестөбе кентінің үлгілі кітапханасында Балуан Шолақтың 160 -жылдығына орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ерекше өмірбаян кеші өтті. Шараның мақсаты: ерекше тұлға Балуан Шолақтың өмірбаянымен таныстыру. Оқырмандар белгілі балуан, әнші, сазгер, ақын Балуан Шолақтың шын есімі Нұрмағамбет Баймырзаұлы екенін білді. Балуан жастайынан ән айтып, домбыра тартып, 14 жасынан күрес жарыстарына қатысып, шебер шабандоз болған. Балуан Біржан сал әндерін тамаша орындаушы, Ақан серіні ұстазым санаған. Балуан олардың ән шығару дәстүрін жалғастырды. Рауан МҮ музыканты “Ғалия” әнін домбырамен орындап берді.

Сегіз қырлы, бір сырлы / ерекше өмірбаян кеші

Пікір үстеу