Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі «Степногорск және степногорлықтар» атты зияткерлік ойын өткізді. 2024 жылы қала өзінің 60 жылдығын атап өтеді. Іс-шараға Тау-кен техникалық колледжінің студенттері шақырылды. «Алғашқы жылдар», «Степногорлықтар», «Құрметті азаматтар», «Ескерткіштер», «Ол қайда?» аталымдарына және қала тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді. Викторина жастарға туған қаласының тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді білуге көмектесті.

«Степногорск және степногорлықтар» зияткерлік ойын

Пікір үстеу