Орталық қалалық кітапханада Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуына орай «Ұлттық мемлекетіміздің алтын дәуірі» – әдеби-ақпараттық сағат өтті. Тұтас тарихымызды халыққа жеткізу, Жошы хан туралы толық ақпарат беру мақсатында өткен шараға №3517 әскери сарбаздары қатысты.Мемлекет басшысы «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді.» берген сұхбатында айтып өткендей, біздің тарих – Қазақ хандығы ғана емес, Шыңғысхан мемлекетінің құрған империясы, Жошы ұлысы, кейін Алтын Орда, оның алдында Түрік қағанаты. Осының бәрі де – сабақтастық. Үлкен тарих бар.

«Ұлттық мемлекетіміздің алтын дәуірі» / әдеби-ақпараттық сағат

Пікір үстеу