Степногорск қ. орталық қалалық кітапханасында энергетика күні мерекесіне орай “Энергокешен” ЖШС юнкорларының қатысуымен «Ғажайыптар әлемі» зияткерлік ойыны өтті. Ойын барысында “Юнкор” клубының жас қатысушылары Энергетика күнінің құрылу тарихымен, электротехника ғылымы саласындағы ұлы ғалымдар мен инженерлер мамандарының есімдерімен, ел халқының тіршілігін қамтамасыз ету үшін энергетикалық кешендер міндеттерінің дамуы және маңыздылығымен танысты. Клуб жетекшісі Ғалия Хозина клубтың жас қатысушыларының жүргізетін жұмысы, сабақтары және экскурсиялары туралы айтып берді. Ойын жеңімпаздары өнер мектебінде оқу сертификаттарымен марапатталды.

Ғажайыптар әлемі “Юнкор” клубымен

Пікір үстеу