Жаңа жыл мереке қарсаңында “Сырласу” өлкетану клубының қатысушылары үшін «Ғажайыптар алаңы» танымдық ойыны өтті. Ашылу рәсімі Степногорск қаласының «ОКЖ» КММ басшысы Б. Е. Айтпаеваның құттықтау және клубтың көп жылғы жұмысы туралы сөзімен басталды. Клуб жетекшісі Ұ. Қ. Бухабаева жұмысты дамыту міндеттері мен болашақта жасалатын шаралар туралы айтып берді. «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалдық ойыны қазақ қыздарының денсаулығын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау, сұлулығын ерекше атап өту үшін күмістен жасалған қазақ халқының дәстүрлі әшекейлеріне арналды. Ойын жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды, соңында клуб мүшелерімен бірге мерекелік шай кеші өтті.

Ғажайыптар алаңы “Сырласу” клубында
Tagged on:

Пікір үстеу