Елімізде 25 қазан Республика күнін атап өтеді. Бұл Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. 1990 жылы осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Үлгілі балалар кітапханасында Республика күніне орай «Туған жер-жас және ежелгі!» атты поэзиялық кеші өтті. Мерекелік шараға № 6 МГ 3 «В» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларды мерекенің тарихымен таныстырды. Балалар Қазақстан туралы тақпақтар айтып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

«Туған жер-жас және ежелгі!» поэзиялық кеш

Пікір үстеу