Орталық қалалық кітапхана ақын, Қазақстанның халық жазушысы,балaлaрдың сүйікті жыршысы – Мұзафар Айтмағанбетұлы Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ««Бала деп соққан бауырмал жүрек» еске алу кешін өткізді. Кешке №4 «Болашақ» мектебінің оқушылары қатысты. Шара барысында Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы, өмірі таныстырылып, балалар әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтылды. 
Оқушылар көрмеден кітапхана қорындағы М. Әлімбаевтың еңбектерін тамашалап, өлеңдерін жатқа оқып, ұлттық рухты жанитын патриоттық әндер шырқалды.

Бала деп соққан бауырмал жүрек / еске алу кеші

Пікір үстеу