Үлгілі балалар кітапханасы Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мол мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Абайдың дана поэзиясы» атты Абай оқуларын өткізді. Іс-шара Абай ескерткішінің жанында өтті. Шараға № 5 мектептің оқушылары Даян Камалия, Мади Нұрдана, № 4 мектептің оқушысы Талғат Арлан, Бейсенбай Ернұр, №3 мектептің оқушысы Тайжахмет Мадияр қатысты. Оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін оқып берді, шара соңында мадақтамамен марапатталды.

Абайдың дана поэзиясы / Абай оқулары

Пікір үстеу