10 тамыз халқымыздың маңдайына біткен біртуар перзенті, ел тарихында өшпес із қалдырған, ұлтымыздың рухани тірегіне айналған дана ойшыл, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының туған күні. Орталық қалалық кітапхана Абай күніне орай №3517 әскери бөлімінде «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Абай Құнанбайұлының өлеңдері – қазақ халқының бой тұмары. Соңдықтан оның терең мағыналы қара сөздері мен жалынды жырларын сарбаздар мәнерлеп оқып, әндерін шырқады. Кеш барысында кітапханашы «Әлемнің жеке тұлғасы Абай» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Ақынның өлендері мен қарасөздерінде ұлт болмысы, бітімі,тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Ұлы халықтың – ұлы Абайы / әдеби кеш

Пікір үстеу