Степногорск аймағында көптеген талантты жазушылар бар. Олардың ішіндегі ең танымалының бірі – Бестөбеде тұрған Рысты Шотбаева (1928-1994).  Р. Ә. Шотбаева Қорғалжын ауданы Көркейтау ауылында дүниеге келген, бірақ 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Степногорск қаласына қарасты Бестөбе кентінде өмір сүрген, сондықтан біз оны өз жерлесіміз деп санаймыз. Рысты Шотбаеваның есімімен Бестөбе кентінің бір көшесі аталды.

Рысты Әбдірахманқызы – КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, көптеген өлеңдердің, поэмалардың, ертегілердің, әңгімелердің, пьесалардың, фельетондардың авторы. Сондай-ақ, өз және асырап алған 9 баланы тәрбиелеп өсірген көп балалы ана.  Биыл жазушының туғанына 95 жыл толып отыр. Мерейтойға орай ақпараттық-библиографиялық бөлім «Жүректегі сөнбейтін күн» атты библиографиялық көрсеткіш дайындады, онда сіз Р. Шотбаеваның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелер, сонымен қатар оның шығармалары мен ол туралы мақалалардың библиографиялық тізімін таба аласыздар.

Жүректегі сөнбейтін күн / Рысты Шотбаева

Пікір үстеу