10 ақпан күні үлгілі балалар кітапханасында ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай «Ақан сері-ән бесігі» атты музыкалық-поэзия салоны өтті. Мақсаты: қазақ халқының өнерін таныстырып бағалай білу. Іс шараға Бөгенбай батыр атындағы мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Ақан сері Қорамсаұлы туралы қысқаша мәлімет беріп, бейнеролик көрсетілді. Балалар ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесімен танысып, үлгілі балалар кітапханасына экскурсия жасады.

«Ақан сері-ән бесігі» музыкалық-поэзия салоны

Пікір үстеу