Орталық қалалық кітапханада Тау-кен техникалық колледжінің бастамасымен Степногорск қаласының колледждері арасында олимпиада өтті. Атаулы шара «Своя игра» форматында жүзеге асырылды. Ойынның алғашқы күнінде студенттер қазақ, орыс және ағылшын, тарих пәндері бойынша үздік сарапшы атағы үшін күресті. Ойынға Тау-кен техникалық колледжі, Жоғары колледж, сонымен қатар Мақсат колледжі мекемесінің өкілдері қатысты. Барлық пәндер бойынша өте қызықты сұрақтар қойылды. Нәтижесінде жеңімпаздар қатарынан: «Шетел тілі» пәні бойынша Виолетта Федина (ГТК), «Қазақ тілі» – Макаренко Анастасия («Мақсат»), «Орыс тілі» – Анна Жигалова (ВКС), «Қазақстан тарихы» – Черноволов Михаил (ВКС) көрінді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

«Своя игра» форматында олимпиада
Tagged on:

Пікір үстеу