Орталық қалалық кітапханада «Сырласу» әйелдер клубы жұмысын жүргізіп келеді. Клуб – зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу, рухани қарым – қатынас жасауға жағдай туғызу, ақпараттық ортада клуб мүшелерінің ой – өрісін кеңейту, үлкендердің ақыл-кеңес, тәрбиесі арқылы жастардың ұлттық мәдениетінің, білімінің рухани дамуына жағдай жасауға, жастар арасында адамгершілік, еңбек пен тәрбие тақырыптарында жұмыстар жүргізуге ықпал ету мақсатында құрылған. Сонымен қатар «Сырласу» клубы мүшелері кітапханада, қала көлемінде өтетін ауқымды іс-шараларға белсене қатысады.
Орталық қалалық кітапхана ұжымы мен «Сырласу» клубы мүшелері Степногор қаласының тұрғындары мен қонақтарын 17 қыркүйек қаламызды шырайға бөлеген шуақты мереке қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларына бақыт пен береке, ынтымақ пен бірлік тілейді!
Қаламыз көрікті, еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!

«Сырласу» әйелдер клубы

Пікір үстеу