Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. Әбіш Кекілбаев


2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Ақын, қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқуға таңдалынды. Орталық қалалық кітапхана А.Байтұрсынұлының әдеби шығармаларын насихаттау мақсатында №2 Байтұрсынов атындағы жалпы білім беру мектебінің 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Ақыл – ойдың алыбы» атты әдеби глобус өткізді. Қатысушыларға ақынның өмірбаянымен шығармалары, еңбектері туралы толық мағлұмат берілді. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты жинағынан оқушылар мәнерлеп оқып, оз ойларын жеткізді.
Кітапханашы «Ұлт ұстазы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

«Ақыл – ойдың алыбы» әдеби глобус / «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы

Пікір үстеу