Болашақ ұрпағымыздың адал, әділ жолда еңбек етіп, патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында орталық қалалық кітапхана «Пара алу құрдымға апарар жол» атты кездесу сұхбат өткізді. Кеш қонағы кіші полиция лейтенанты Абежанов Меиржан Толеубайұлы қатысты. Сұхбат барысында адалдық жолында, әділеттілік жолында жасалып жатқан игі істер жайлы айтылды. Алдағы уақытта орталықта жасалатын жұмыстар жайлы сөз қозғалып, «Парасат жолы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі. «Жемқорлықты жою бірден-бір жолы – жас ұрпақты тәрбиелеу.Сондықтан да кітапханалар жанынан құрылған осындай орталықтар жастарымызды ғана емес,барша азаматтарымызды парасаттылыққа баулып, жемқорлыққа төзбеушілікке бағыттайды деген сенімдемін», – деді қонағымыз М. Толеубайұлы.

Пара алу құрдымға апарар жол

Пікір үстеу