“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра”

Үлгілі балалар кітапханасында Домбыра күні және Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған “Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра” атты шара өтті.Мақсаты балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.

«Сіздерге, балалар, жаңа кітаптар»

Үлгілі балалар кітапханасы балаларға арналған жаңа кітаптарды жарнамалау және оларды оқуға баулу мақсатында «Сіздерге, балалар, жаңа кітаптар» атты бейнебаян дайындады. Бейнебаянда жаңа кітаптардың аннотациясы бар.