Үлгілі балалар кітапханасында Домбыра күні және Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына арналған “Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра” атты шара өтті.Мақсаты балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау. Шараға №9 ЖОББ мектебінің жанындағы мектеп лагерінің оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы Құрманғазы Сағырбайұлы мен ұлттық асбабымыз домбыра туралы қысқаша мәлімет берді. Музыка мектебінің оқушылары домбырамен дәстүрлі әндерді орындап, №7 ОМ 3 сынып оқушысы Нұралы Аяна «Домбыра» биін биледі. Шара соңында кітап көрмесімен таныстырып, балаларға алғыс хат пен тәттілер берілді.

“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра”

Пікір үстеу