Құрметті кітап сүйер қауым! Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Сіздерді жаңа әдебиеттермен танысуға, кітап оқуға шақырады!

Мәсімханұлы, Дүкен. Азаттығым мен қазақтығым / Д. Мәсімханұлы. – Астана : Фолиант, 2014. – 397, [2] б., [10] п. сурет.

Азаттыққа қол жеткізуден гөрі, оны ұстап тұру әлде қайда қиын. Өйткені азаттық үшін күрес біраз жылдарға немесе неше ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Ал азат ел ретінде мәңгі өмір сүру үшін мәңгі күресуге тура келеді. Бұл мәселе өзін «қазақ баласымын» деп есептейтін барлық саналы азаматты толғандырмай қоймасы анық. Себебі азаттықтың ағылдыр айдынына өз кемесін алып шыққанына ширек ғасырға да толмаған жас Қазақ елінінің тек экономика саласында ғана емес, идеология мен мәдениет саласында да іргесі бекіп, тұрманы түгенделе қойған жоқ.

 Адырбеков, Икрам. Елшінің жазбасынан / И. Адырбеков. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. – 277, [2] б.: сурет.

Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі, өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға, нығайтуға қосқан үлесін халықаралық қоғамдастық бүгінде жоғары бағалайды, ол — жас мемлекеттің сыртқы саясатының шынайы жетістігі. Осы салада көп жылдар жемісті қызмет атқарған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті елші Икрам Адырбековтің оқырманға ұсынып отырған бұл кітабында негізінен автордың елшілік қызметте болған кезеңдерінде өзі куә болған, тікелей қатысқан түрлі шаралар мен маңызды кездесулердің протоколдан тыс қалған жайттары мен қызықты оқиғалары баяндалады. Сонымен қатар елші қызметін атқарған мемлекеттердегі түрлі салаларда жүргізілген озық реформалар мен тәжірибелер туралы зерттеулері, өткен өмір жолы тартымды суреттеледі. Кітап қалың оқырманға, дипломаттарға, жастарға ұсынылады.

Балмағамбетов, Исатай. Жазушының жан сыры : публицистикалық туындылар / И. Балмағамбетов. – Алматы : Арнур, 2022. – 317 б.

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Исатай Балмағамбетовтің бұл кітабына әлеуметтік ой-сана, ұлттық рух, өмір мен тұрмыс түйткілдері, сондай-ақ замандастарының адамгершілік қасиеттері хақында және экономика тақырыбына жазылған публицистикалық туындылары топтастырылып отыр. Оқырман қауым қаламгер шығармаларынан өзіндік ой түйеді, толғанысты әсерге бөленеді деген сенімдеміз.

 Рысбек, Қыдырбек. Қазақтың 90 бапкері / Қ. Рысбек. – Алматы : Жарыс, 2021. – 623 б.: сурет.

«Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы, «Қазақтың 72 бапкері», «Дәулет», «Сұрмерген», «Бекзат», «Құзға біткен қарағай» деректі хикаяттарының авторы, спорт тарихшысы  Қыдырбек Рысбектің бұл кітабына ХХ, ХІ ғасырлардағы қазақтың таңдаулы 130-дан аса бапкері және олардың 560-тан астам шәкірттері туралы деректер мен материалдар еніп отыр.

Қазақ елінің тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақтың 90 бапкері» кітабы оқырманға жол тартты. Бұл еңбекті арнаулы орта және жоғары оқу орындарының спортшы-студенттері мен мамандарына қосымша хрестоматиялық құрал ретінде пайдалануға болады.

Жаңа кітаптар. Қазан 2022

Пікір үстеу