Степногорск қ. Орталық қалалық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу мақсатында «1920-1950 жж. Саяси қуғын – сүргін және аштыққа байланысты науқаншылық» атты Степногорск қаласының деректері бойынша дөңгелек үстел өтті. Оның барысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлнәз Әбілованың төрайымдылығымен өтті. Арнайы келген қонақтардың қатарында Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, Ақмола облыстық саяси қуғын – сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның үйлестірушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Бексейітова Ақбота Тастанбекқызы- Кәкімбек Салықов атындағы педагогикалық институттың директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Кушпаева Алмагүл Бүркітбайқызы – Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Утегенов Марат Зеннатұлы – Қашықтықтан оқыту орталығының деканы, тарих ғылымдарының кандидаты,Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы – аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Осипова Жансая Қайырбекқызы – аға оқытушы, тарих магистрі, Шукеева Айнұр Қайыржанқызы – аға оқытушы, тарих магистрі болды.
Сондай-ақ, Степногорск қаласының колледж, мектептерінің тарих мұғалімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ф. Б. Есжанова, С. С. Сабыров, И. М. Никировский, М. М. Утеуова қатысты. Орталық қалалық кітапхананың библиографы Л. В.Саленко «Не забытые имена – Степногорцы-жертвы политических репрессий» және тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі М. Ө. Нұржанова «Саяси қуғын–сүргін және аштыққа байланысты науқаншылық бойынша Степногорск қаласындағы деректер» тақырыптарының аясында баяндама жасады.1920-1930 жылдардағы қазақ халқының трагедиясына нақты және жан-жақты баға беру қазақстандықтардың жас ұрпағы үшін өте маңызды.
«1920-1950 жж. Саяси қуғын – сүргін және аштыққа байланысты науқаншылық»