Орталық қалалық кітапханада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет» атты мерекелік кеш өтті.

Іс-шараға «Сырласу» клубы мүшелері және № 9 ОМ 9 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзінде кітапхана басшысы Б.Ермековна жиналған қауымды мерекемен құттықтап өз ыстық ықыласын білдірді. Әжелер оқушыларға кесте тігу, тоқыма тоқу, құрақ құрау қыр-сырларын айтып түсінік берді. Мерекелік көңіл күй сыйлайтын әндер шырқалып, «Сақина салу» ұлттық ойыны ойнатылды. Балалар мерекемен құттықтап тақпақтар оқып, өз қолдарымен жасаған гүлдерін әжелерге сыйға тартты. Оқушыларға тәттілер үлестірілді.

Адамзаттың асылы – Ана деген құдірет / мерекелік кеш

Пікір үстеу