Үлгілі балалар кітапханасы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан жүректегі жара» атты реквием кешін № 4 «Болашақ» ОММЛИ КММ 8 «Ә», 8 «А» сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақты әскери-патриоттыққа тәрбиелеу. Кітапханашылар Ауған соғысының негізгі оқиғаларын екі тілде айтты. Кітапханашылар Ауған соғысының басты оқиғалары, ауған жерінде қаза тапқан Степногорск қаласының тұрғындары туралы әңгімеледі. Келешекте мұндай жағдайға жол бермеу үшін ата-бабаларымыздың ерлігін есте сақтау және бағалау қажет. Балалар тақпақтарды жатқа айтып, талқылауға белсене қатысты. Соңында Ауғанстандағы оқиғаларға арналған кітаптарға шолу жасалды.

Ауғанстан жүректегі жара / реквием кеші

Пікір үстеу