Орталық қалалық кітапхананың Ақпаратты-библиографиялық бөлімі Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 3517 әскери бөлімінде «Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» атты кездесу кешін өткізді. Ауған соғысының ардагерлері, десантшы Владимир Андреевич Чабан және танкист Алексей Ефимович Коломеец шет елге жіберілген алғашқы жауынгерлердің бірі болды. Ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, жас сарбаздарға кенес берді. Кездесуден кейін ауған ардагерлеріне әскери бөлімде қысқаша экскурсия ұйымдастырылды.

«Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» / кездесу-кеш

Пікір үстеу