«Жақсы өмір, жақсы ойлардан басталады»

Орталық қалалық кітапхана Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» атты сыр-сұхбат өткізді. Асыл дінімізді ардақтап, қанатын кеңге жаюына сүбелі үлесін қосып жүрген наиб – имам Худайберген Тілекбергенұлы жастарға ислам дінін әспеттеп, достық, мейірім туралы көптеген мәлімет берді. Кітапханашы мейірімділікке, игілік, бірлікке үндейтін Рухани келісім күніне арналған кітап көрмесімен таныстырды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, рухани азық алып, жанымыз жадырап қалды деп – алғыстарын білдірді.

Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы / сыр-сұхбат

Пікір үстеу