Орталық қалалық кітапханада тау-кен-техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысқан отбасы күніне арналған «Кітап даналығы отбасын біріктіреді» атты әдеби вояж өткізілді. Мақсаты: отбасы, отбасылық қатынастар туралы идеяларды қалыптастыру. Іс-шара отбасына деген сүйіспеншілік пен құрметке жастарды тәрбиелеуге арналған. Олардың ой-өрісін кеңейту, отбасындағы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға қызығушылық тудыру. Кездесу басында кітапханашы отбасының құндылықтары мен дәстүрлері туралы айтып берді. Балалар өлең оқуға, викторинаға және кроссворд шешуге қуана қатысты. Бейнероликті көргеннен кейін кітапханашы студенттерді «Отбасы – өмір аясы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

«Кітап даналығы отбасын біріктіреді» әдеби вояж

Пікір үстеу