10 тамыз – Абай күні.

Ұлы данышпан ақын, ойшыл, ғұлама, ағартушы, қазақ әдебиетінің қара сөз шебері – Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толуына орай Абай ескерткіші алаңында Орталық қалалық кітапхана «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» қолдауымен «Хакім Абай даналығы» атты Абай оқуларын өткізді.

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарамызға озық ойлы Абайтанушылар мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік іс-шара Тенор триосының орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнімен басталып, «ApARTe» театрының «Абай-Тоғжан» атты сахналық көрінісімен жалғасын тапты. «Асыл әжелер» тобы «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап, Абайдың асыл сөздері мен өлендерін мәнерлеп оқыды. Шара соңында ОКЖ басшысы – Б.Ш. Абильшенова қатысушыларға өз ыстық лебізін білдіріп, марапаттау қағаздарын табыстады.

Хакім Абай даналығы / Абай оқулары

Пікір үстеу