Орталық қалалық кітапхана қазақ ақыны, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жыл мерейтойына арналған «Руханияттың шырақшысы – Шәкәрім» атты тарихи калейдоскоп өткізді.

Мақсаты: Ақынның артына қалдырған мол мұраларын ұрпақ жадында жаңғырту, шығармаларын дәріптеу,қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы әңгімелеу. Кеште Шәкәрім Құдайбердіұлының балалық шағы, оның шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап, өмірінің соңғы күніне дейін суреттелген деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, ойшыл ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды.

Руханияттың шырақшысы – Шәкәрім / тарихи калейдоскоп

Пікір үстеу