Орталық қалалық кітапхана Қазақстан ақыны, жазушы, Бестөбе кентінің тұрғыны – Ырысты Әбдірахманқызы Шотбаеваның туғанына 95 жыл мерейтойына арналған «Жүрек ояу қашанда…» атты портрет кешін жүргізді.

3517 әскери бөлімнің сарбаздары ақынның өмірбаянын, шығармаларымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Р.Шотбаеваның «Жалқаудың жазасы» атты ертегісі бойынша бейне таспа тамашалады.

Кітапханашы Ырысты апамыздың өмірі мен шығармашылығы на арналған «Жүректегі сөнбейтін күн» атты библиографиялық көрсеткішпен толық таныстырып,өмірге терең енуімен оқырмандарын бағындырған зерделі ақынды жырлады.

«Жүрек ояу қашанда…» / портрет кеші

Пікір үстеу