Үлгілі балалар кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Жарқыра, жайна Наурызым» атты этнографиялық кеш өткізілді. Мақсаты қазақ халқының салт дәстүрін дәріптеуге, құрметтеуге дағдыландыру, ұлттық құндылықтарды білу, сақтау ұғымдарын қалыптастыру. Шараға Бөгенбай батыр атындағы мектеп-интернатының 7-8 сынып оқушылары және Ю.А. Гагарин атындағы № 7 ОМ 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Балалар ән айтып, би билеп, қазақтың ұлттық «асық ойыны» ойынын ойнады. Әжелеріміз қазақтың салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырып, «Бесікке салу» рәсімін көрсетті. Наурыз мерекесіне орай жайылған дастарханнан дәм тартты.

«Жарқыра, жайна Наурызым» этнографиялық кеш
Tagged on:

Пікір үстеу