Орталық қалалық кітапхана ұжымы бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлі мерекесі – 14 наурыз Көрісу күнін атап өтті. Мақсаты: қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу. Қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп, сәлем беріп көріседі. «Көріседі көк мұзда жібісін деп, Көріседі оң болсын ырысың» деген тілектермен кітапханашылар қала әкімшілігіндегі бірқатар бөлім қызметкерлерімен көрісіп, игі тілектерін білдірді. «Наурыз көктем» әнін шырқап, шашу шашып, бауырсақ таратты. Бүгінде Көрісу күні ресми шаралардың қатарына қосылып, бүкіл халық білетін айтулы күнге айналуда.

14 наурыз Көрісу күні

Пікір үстеу