Орталық қалалық кітапханада Халықаралық Ана тілі күніне «Ана тілі – жүрек үні» атты әдеби вернисаж өтті. Әдеби шараға №3517 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты. Кітапханашы ана тілінің тарихына мәлімет жасап, слайд арқылы көптеген тіл мәртебесі туралы ақпарат берді. Қатысушыларды екі топқа бөліп, викториналық ойын жүргізілді. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын таныта отырып, өздерінің туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат екенін ортаға салды.Шара соңында белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салған қатысушылар марапатталып, мазмұнды кешті «Атамекен» әнімен қорытындылады.

«Ана тілі – жүрек үні» әдеби вернисаж

Пікір үстеу