Орталық қалалық кітапханада Қазақ зағиптар қоғамы мүшелерінің кезекті кездесуі өтті. Ол «Ақ таяқ күніне» және Халықаралық зағиптар күніне орайластырыла ұйымдастырылды. Іс-шараның бірінші, тақырыптық бөлімінде Халықаралық зағиптар күнінің пайда болуы және “Ақ таяқ” күнінің пайда болу тарихы туралы білді. Одан әрі шай ішу кезінде кездесуге қатысушылар ән және поэзиялық жанрдағы өз таланттарын көрсетті, облыстық байқаудағы жетістіктері туралы айтып, “Жаңа Қазақстан” викторинасына қатысты. Соңында әр қатысушы демеушілерден сыйлық алды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде, достық жағдайда өтті.

Ақ таяқ күні

Пікір үстеу