Абай Құнанбайұлы кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында орталық қалалық кітапхана ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы – Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Даналықтың дариясына саяхат» атты оқу фестивалін өткізді. Құттықтау сөзімен «ОКЖ» КММ басшысы Абильшенова Батеш Шакеновна бастап, Абай күнімен құттықтап, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.

Абай Құнанбайұлының қалдырған өшпес әдеби мұрасын бүгінгі ұрпақ көзі ашық, білімге, өнерге құмар ешқашан ұмытпайды. «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай өлеңдерін қатысушыларымыз мәнеріне келтіріп, қара сөздерін жатқа айтып, әндерін нақышына келтіріп орындады. Жастардың өз шығармашылық қабілетін кенінен насихаттау мақсатында 19 шілде күннен басталған «Абай шығармашылығы сурет әлемінде» атты әдеби – Арт сурет салу сайысының қортындысы шығырылып, төрешілеріміз қатысушыларымызға алғыстарын білдіріп, жүлделі орындарға ие болған алғыс хаттармен, шағын сыйлықтармен марапаттады. Демеушілік көрсеткен – Қазақстан Халық партиясынын депутаты Шило Денис Петрович. Қатысушыларымызға ынталандыру мадақтамалары беріліп, Абай атамыздың кітаптары сыйға тартылды.

10 тамыз – Абай күні.
Tagged on:

Пікір үстеу