Еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді. Орталық қалалық кітапхана жастарға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында «Жас Отан қорғаушы» атты әскери – спорттық тұғырын ұйымдастырды. Іс – шараға №5 мектеп лицейінің 9 кадет сыныбы, №9 Қаныш Сәтпаев атындағы 10 сынып оқушылары, «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебінің оқушылары, №3517 әскери сарбаздары қатысты. Спорттық тұғырды кітапхана басшысы Батеш Шакеновна Абильшенова құттықтау сөзімен ашып берді. Қатысушылар арасында әртүрлі сайыстар ұйымдастырылып, әндер шырқалды.
Қатысушы жастар арнайы ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат, дипломдармен марапатталды.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

«Жас Отан қорғаушы»

Пікір үстеу