Парасат – адамзат ақыл – ойының шығармашылық сипатын , танымдық қабілеттілігін білдіретін ұғым. Адамгершілігі мол, ой – өрісі кең адамның парасаты мен пайымы үндес келеді. Ондай адамдарға әдеп – инабат, салиқалық пен мейірімділік, ізгілік пен мінезділік және тағы толып жатқан кісілік келбетті көрсететін қасиеттер тән болады.
Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыру.
Осыған орай орталық қалалық кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы – адалдықтан басталады» атты танымдық сағат өтті. Әріптестеріміз парасат сияқты құндылықтардың танымдық мәнін түсіндіріп, парасаттылыққа қатысты түйiндi ойларымен бөлісті.

«Парасат жолы – адалдықтан басталады» танымдық сағат

Пікір үстеу